Бұл компания тарихындағы рекордтық жылдық көрсеткіш.
Жалпы ағымдағы жылы «Эйр Астана» 4,2 млн. жолаушыны тасып, өткен жылғы көрсеткішті 12% аспақ. Жолаушытасқыны көбінесе 2017 жылғы маусым мен қыркүйек аралығында ЭКСПО-2017 дүниежүзілік көрме өткен күндері Астанаға келген халықаралық жолаушы есебіне өсті.
Сондай-ақ «Эйр Астана» тасымал көлемін Астанадан Лондон, Бейжің, Ыстамбұл, Санкт-Петербург, Новосибирск, Екатеринбург, Омбы, Тбилиси, Ташкент, Бішкек, Бангкок және Сеул қалаларына ұшу жиілігін ұлғайту арқасында арттырды. Маусымда Астана-Дели тікелей рейсі ашылып, Астанадан Киевке рейс қайта басталған. Қосымша жиіліктер Алматыдан Санкт-Петербург және Тегеран қалаларына қосылған.