Басты бетЖаңалықтарКөкшетауда құқықтық...

Көкшетауда құқықтық қызмет көрсету орталығы ашылды

Мұнда аймақтың кез келген тұрғыны кеңес ала алады. Орталықта жергілікті әкімдіктен бастап прокуратура, сот, ішкі істер және әділет органдарының мамандары қызмет көрсетеді. Тіпті адвокаттар да бар. Қажет болған жағдайда азаматтар жоғарыда аталған мекемелерге бармай-ақ осында өз арыздарын жазып қалдыруына болады.

Айта кетейік, бұл орталық Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында ашылып отыр. Қызмет көрсету алаңы аптасына 5 күн, таңертеңгі сағат 09:00-дан кешкі сағат 18:30-ға дейін жұмыс істейді.

Ақбұлан Әлжанов, облыстық прокуратураның ресми өкілі: — Осы жерге келген азаматтардың барлығы тегін адвокаттың көмегі болсын, медиатордың көмегі болсын, тегін кеңестер алып, барлық мұң-мұқтаждарын осы бір шаңырақтың астында шешіп кетуге мүмкіндік туып отыр. Бұл жерде мамандар барлық базамен қамтамасыз етілген.

Дереккөз24.kz