13 мың мұғалім ағылшын тілінде сабақ беруді бастамақшы

Бағдарлама негізінде ұйымдастырылған 9 айлық курсқа биылдың өзінде 3 мыңнан аса адам қатысқан. Олар – биология, химия, физика және информатика пәндерінің оқытушылары. Қорытынды бойынша, басым бөлігінің ағылшын тілін меңгеру біліктілігі қажетті деңгейде. Курс аяқталғанына қарамастан, қалған 7 пайызы үшін қазір қосымша сабақтар жалғасып жатыр.

Айта кеткен жөн, «Билингвалды пән мұғалімдері» бағдарламасының авторы – «Ұстаз» кәсіби оқыту орталығы мен «Астана бизнес және технология мектебі». Мақсат – ұстаздардың өз пәні бойынша тақырыптық терминологияны ағылшын тілінде меңгеріп, біріктірілген пәндік тілдік оқыту әдістемесін игеруін қадағалау.

Айдос Бекмұсаев, «Astana school of business and technology» атқарушы директоры:

Курс барысында ағылшын тілінің деңгейін жалпы Еуропалық шкала бойынша В1 деңгейіне дейін жеткізу еді. Яғни қазақша айтар болсақ, ортадан төмен деңгей. Әрине мақсатымыз одан әрі келесі жылдары деңгейін арттыру.

Эрол Карл, ағылшын тілінің тренері:

Әрине, қиындықтар аз болған жоқ. Алайда бұл қалыпты жағдай. Ал В1 деңгейіне жете алмаған оқытушыларға келетін болсақ, олармен ары қарай да жұмыс істейміз. Мәселен, онлайн тәртіпте сұрақтарына жауап беріп, білгенімізді үйретуді жалғастыра береміз.

Дереккөз24.kz/kz