Ауыл шаруашылық өнімдері саласында Қазақстанның бренді деп қандай тауар белгілерін атауға болады?
Ауылшаруашылық секторында Қазақстан экологиялық таза және органиқалық өнімдерді өндіру үшін үлкен әлеуетке ие, өйткені Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бөлігі өзінің ерекшеліктерімен органикалық өнімдерге жақын, сонымен бірге осы сегменттегі әлемдік тұтыну тұрақты өсу үрдісіне ие. Сондай-ақ Қазақстанда мал шаруашылығы мен майлы дақылдарды өндіру белсенді дамып келеді.
«Ұлттық жоспар — бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 қадамы» аясында Министрлік отандық өнімдерді экспорттық нарыққа шығаратын «Qazaq Organic Food», «KazMeat», «Halal Kazakhstan», «QazMai» 4 қазақстандық бренд бойынша концептуалдық құжаттар әзірледі.
Қалқалы брендтерде өнімдердің экспорттық әлеуетінің инфрақұрылымын дамыту үшін жүйелік және ынталандыру шаралары қарастырылған, әрбір қалқалы брендке Жол картасы әзірленді.
«Qazaq Organic Food»
(ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі) өсімдік шаруашылығы, құс шаруашылығы, балық өнімдері және басқа да тауарлар топтарының 40-қа жуық өндірушілері |
|
«KazMeat»
(мал мен құс еті) Қытайға экспортына бағытталған 15-тен астам отандық ет компаниясы |
|
«Halal Kazakhstan» (мұсылман елдерінің нарықтарына сәйкес келетін өнімдер) | |
«QazMai» Qazaq Natural Oil
(өсімдік майы) |
Қандай бренд тауарлар экспортталады? Қай елдерге шығарылады?
Бүгінгі таңда қазақстандық өнімдердің экспорты 2017 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша 34,5 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 31% — ға өсті (энергия мен металлургия өнімдеріне бағаның өсуіне байланысты), ал тоннажда экспорт 4% -ға артты. Бүгінде Қазақстан әлемнің 115 еліне 800-ден астам өңделген тауар түрін шығарады. Өңделген тауарлар экспорты 32%-ға артып, 11,1 млрд АҚШ долларын құрады. Шикізаттық емес экспортқа арналған нарықтар ЕАО, Қытай, Орталық Азия және Кавказ елдері болып табылады.
Дайын өнімдердің топ-10-дығы:
— ұн;
— сары фосфор;
— темір шыбықтар;
— металл құбырлары;
— күнбағыс майы;
— подшипниктер;
— трансформаторлар;
— кондитерлік бұйымдар;
— аккумуляторлар;
— балықтың сүбесі.
Қандай компаниялар экспорт көлемі жөнінен алдыңғы орындарда?
Контрагенттер туралы мәліметтер Мемлекеттік кіріс комитетімен әзірленеді және құпия ақпарат болғандықтан, жауап бере алмаймыз.
Бренд тауарлар шығаратын ірі компанияларға мемлекет тарапынан жасалатын қолдау бар ма? Олардың көлемі туралы нақты мәліметтер берсеңіз.
Қазақстанда экспортты қолдау бағдарламасы жүзеге асырылуда, оған экспорттаушыларға олардың меншік нысанына қарамастан қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары, шикізаттық емес тауарлардың экспортын дамыту және жылжыту кіреді. Яғни, шағын және орта кәсіпорындарға, сондай-ақ ірі қазақстандық компанияларға қолдау көрсетіледі. Сонымен бірге, шағын және орта бизнес одан әрі қолдауды қажет етеді.
Брендтерді көбейту және дамытуға қатысты қандай жобалар бар?
Жоғарыда айтылғандай, қазақстандық шикізаттық емес экспортты қолдау бағдарламасы отандық өндірушілердің экспортын ілгерілетуге бағытталған, бұл өз кезегінде Қазақстанда жасалған өнімдерді мақсатты нарықтарда өз брендтерін таныту арқылы жетілдіруді білдіреді.
Бұдан басқа, шетелде отандық брендтерді дамыту бойынша жеке жобалар жүзеге асырылуда. Осылайша, 2016 және 2017 жылдары Ресей Федерациясының аумағындағы сауда желілерінде қазақстандық өндірушілердің брендтерін насихаттау бойынша ауқымды шаралар ұйымдастырылды.
Жыл сайын ұлттық стендтер форматында қазақстандық кәсіпорындар мен бизнес қауымдастықтардың қатысуымен ірі шетелдік көрмелер ұйымдастырылады. Көрменің тақырыбына байланысты белгілі бір салалардың отандық өнімдері қазақстандық шатырлық брендтерде ұсынылған.