Басты бетМереке күндері...

Мереке күндері Астанада тегін экскурсия болады

Тәуелсіздігі мерекесі күндері (16, 17, 18 және 19 желтоқсан) Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» екіқабатты экскурсиялық автобуспен сол жағалау бойынша тегін саяхаттай алады.

Экскурсия «AiLand» (океанариум) ойын-сауық орталығынан басталып, «Хан шатыр» ОСО аялдамасы, «Мәңгілік Ел» триумфальді қақпасы, «MEGA SilkWay» ОСО, Ұлттық музей мен «Астана Бәйтерекпен» аяқталады.

Экскурсия барысында автобус салонында дыбыс күшейткіш арқылы қазақ және орыс тілінде аудиогид жүргізіледі (бір рейсте – қазақ тілінде, екінші рейсте – орыс тілінде). Ал бір ғана тілде тыңдағысы келгендер құлаққап киюі қажет.

Ал тегін мерекелік сырғанау кезінде жолаушыларға құлаққап берілмейді.

Астана автобус кестесі
©astana.gov.kz