Шақалар «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясына жатады.
«Шашу — қуанышқа орай жасалатын салт-дәстүр. Құда түсу, той немесе басқа да айтулы оқиғалар кезінде кәмпиттер мен тиындар шашылады. Бұл сәттілік әкелетін жақсы ырым болып есептеледі», — делінген Ұлттық банктің баспасөз мәліметінде.
500 теңгелік монета 925 сынамалы күмістен жасалған, массасы — 24 грамм, диаметрі — 37 мм, дайындау сапасы — «proof», таралымы — 3 мың дана. 100 теңгелік монета «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі — 31 мм, массасы — 11,17 грамм, таралымы — 10 мың дана.
Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қазақстан теңге сарайы» кәсіпорны дайындады. Олардың дизайны ҚР Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі — ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген. «Proof» сапасымен жасалған ескерткіш монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Ұлттық банктің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.
Номиналы 500 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті.
Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. Нейзильбер қоспасынан жасалған ескерткіш монеталар жақсартылған сапамен дайындалған және сату үшін арнайы полиграфиялық орауға салынған. Оларды Ұлттық банктің барлық филиалдарынан, ал күміс монеталарды, сондай-ақ ҚР ҰБ сайтының интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.