Қазақ қызы Данэлия Төлешова «Голос. Дiти» конкурсының финалына шықты

Кеше, 10 желтоқсан күні Украинаның «1+1» телеарнасында конкурстың жартылай финалы көрсетілді. Данэлия Төлешова Америка әншісі Андра Дейдің «Rise up» атты композициясын орындады.

«Сенгім келмейді, мен финалдамын! Қолдағандардың барлығына, әсіресе тәлімгерім Дима Монатикке шексіз алғыс айтамын», — деп жазды Данэлия жарыстан кейін Инстаграмдағы парақшасына.

Айта кетейік, Данэлияның есімі «дән елі» деген мағынаны береді. Әкесі де, анасы да қазақ. Кәсіби вокалдан бөлек, Данэлия математика, физика пәндерін, қазақ, ағылшын тілдерін тереңдетіп оқитын курстарға қатысады. Бұл туралы ата-анасы 31 арнасына берген сұхбатында айтқан болатын.