Жарыс ҚР Тұңғыш Президент күні мен ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған. Шара оқушылар мен жастар арасында киберспортты насихаттау және қолдау, кибердисциплина бойынша команда құру үшін дарынды балаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Сарапшылардың мәліметінше, киберспорт көрермендерінің саны жыл соңына дейін 194 миллион адамға жетеді, бұл 2016-шы жылмен салыстырғанда 20%-ға жоғары. Үш жылдан кейін бұл спорт түрін дүниежүзі бойынша 300 мың миллионнан астам адам бақылайтын болады. Қазақстанның үш қатысушысы әлемдік рейтингте 100-топ ойыншылар қатарына кіреді.
Еске салайық, чемпионат Астана қалалық білім басқармасының қолдауымен өткізілмек.