Астанада жеңіл атлеттерге арналған кешен салынып жатыр

Жаңа жабық кешендегі жеңіл атлетика манежін «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры салып жатыр. Жоспар бойынша 2019 жылға құрылыс жұмыстары аяқталуы тиіс. Манеж 7 мың көрерменге арналған.

Федерация президенті Әділбек Жақсыбековтың айтуынша манежде кез келген халықаралық жарыстарды өткізе беруге болады.

Сондай-ақ, федерация президенті бұқаралық спортты дамыту үшін алдымен кәсіпқой спорттың қажет екенін айтады.

«Егер кәсіби спорт болмаса, адамдарды спортқа тарту қиын. Ол кезде бұқаралық спорт та  дамымайды», — дейді ол.

Дереккөзkazinform.kz