Басты бет Жаңалықтар Мектеп оқушысы АҚШ-тың ең үздік ғалымы атанды

Мектеп оқушысы АҚШ-тың ең үздік ғалымы атанды

12 жасар Гитанджали Рао судағы қорғасын мөлшерін жылдам анықтаудың қарапайым әрі арзан әдісін ойлап тапты. Осы жетістігімен ол 2017 жылы АҚШ-тың ең үздік жас ғалымы атанды.

©reactor.space

2016 жылы Мичиган штаты Флинт қаласының тұрғындары қорғасынмен уланған судан зардап шеккен. Оқушы қыз тұрғындарға өзінің жобасымен көмектеспек болған. Гитанджалиге бұл идея ата-анасының суды тест-жолақшамен тексеріп жатқанын көрген соң келген.

«Бұл өте тиімді әдіс емес. Себебі, судың қаншалықты таза екенін анықтау үшін оны тестінің көмегімен бірнеше рет тексеруіңізге тура келеді», – дейді жас ғалым.

Гитанджали ойлап тапқан құрылғы көміртек нанотүтікшелерінен жасалған. Девайстағы Bluetooth-дің арқасында тест нәтижесін смартфон экранынан көруге болады.

«Алғашында тәжірибем сәтсіз болды. Бірақ артынша қателіктерімнен сабақ ала бастадым. Сәтсіздіктің табысқа жеткізер жол екенін түсіндім», – дейді ол.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version