Басты бет Жаңалықтар Спиннер телефон нарыққа шықты (видео)

Спиннер телефон нарыққа шықты (видео)

Қытайлық Chilli mobile компаниясы спиннер мен телефонның гибридін жасап шығарды. Құрылғыны телефон ретінде де, спиннер ретінде де пайдалана беруге болады.

Сhilli K188 моделінің диагоналі 1,44 дюйм, жады 32 мегабайт. Нарықтағы бағасы -шамамен 18 доллар.

Chilli K188 Fidget Spinner деп аталатын телефонмен қоңырау соғып, смс-хабарлама жазуға болады. Сондай-ақ, оның радиосы, Bluetooth порты және microSD бар.

«Спиннерфон» 5 түрлі түспен шығыпты: қара, қызыл, көк, алтын түсті және қызғылт сары.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version