«Coca-Cola Turkmenistan» компаниясына «Coca-Cola İçecek» түрік компаниясы иелік етеді. Компанияның өкілі Александр Аккирман валютаны конвертациялауға байланысты қиындықтар болып жатқанын айтқан. Осыған байланысты «Coca-cola» сусынын шығаруды тоқтатқан.
Алайда «Coca-Cola İçecek» түрік компаниясы Түркіменстандағы жұмыстарын тоқтатпайтынын мәлімдеді.
«Компанияға қатысты мәлімет шындыққа сәйкес келмейді. Түркіменстандағы жұмысымызды жалғастырып жатырмыз. «Coca-Cola İçecek Turkmenistan» фирмасы таза және газдалған су өндіреді. Ашхабадта, біздің фирмада 300 адам жұмыс істейді», — деп мәлімдеді компания басшылығы.
Айта кетейік, қараша айында «Coca-cola» сусындары Түркіменстанда 2-3 есеге қымбаттап кеткен. Ел астанасындағы «Шахада», «Багтыярлык» және «Камиль» секілді ірі супермаркеттерде «Coca-cola» өнімдері көрінбейді.