Басты бетЖаңалықтарҮздiк кәсiпорындар...

Үздiк кәсiпорындар «Алтын сапа» сыйлығымен марапатталды

Биыл «Алтын сапа» байқауында 101 компания бақ сынады. Сыйлықтар «Үздiк инновациялық жоба», «Үздiк индустриялық жоба», «Сапа көшбасшысы», «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын», «Халыққа тауар шығаратын үздiк кәсiпорын», «Қызмет көрсететiн үздiк кәсiпорын», «Азық-түлiк және ауылшаруашылық өнiмiн шығаратын үздiк кәсiпорын» аталымдары бойынша берiлдi.

ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев бастаған жоғары лауазымды тұлғалар қатысқан шарада «Алтын сапа» сыйлығы негiзiнен елiмiздiң өңiр-өңiрiнен келген кәсiпорындарға табысталды. Атап айтсақ, «РауанНалко» ЖШС, «Каскор-Машзавод» АҚ, «Алматы өнiмi» ЖШС, «Жаркент Крахмал-сiрне зауыты» ЖШС, «Planta» ЖШС, «Медикер — өнеркәсiп медицинасы» ЖШС, «Дефектоскопия» ҮЕҰ ЖШС, «Скулбас» ЖШС, «Avagro» ЖШС, «Giessenhaus» ЖШС, «Recycling Company» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС, «Абзал және Компания» сыйлыққа ие болды.

«Алтын сапа» сыйлығы 12 жыл қатарынан байқау негiзiнде талапкер кәсiпорынның өнiмi немесе қызмет көрсету сапасы мен олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы жетiстiктерi, сондай-ақ, менеджмент жүйелерiн енгiзгенi үшiн үш жыл сайын берiледi. Байқау ұйымдастырылған 12 жылда Мемлекет басшысының сыйлығын 86 кәсiпорын иеленген.

Дереккөзbaq.kz