Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ақмола облысында қағаз шығаратын зауыт салынады

Фото: Ақмола облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

Қытай компаниясымен бірлескен қуаттылығы жылына 500 мың тонна болатын зауыттың құрылысы келесі жылы басталады.

«Қытайдан 300 миллион долларға жуық жеке инвестиция тартылды. Сабанды өңдеу арқылы біз қағаз, картон, органикалық тыңайтқыштар, электр қуаты мен  метанды өндіретін боламыз», — деді Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин.

Сондай-ақ, 2018 жылы Макинск ауданында жылына 50 мың тонналық өнім өндіретін құс фабрикасын ашу көзделуде. Бұған қоса Астрахан ауданында жылына 5 мың тонна (ЖШС «Бавария Prodakt») етті өңдейтін зауыт пен шошқа фермасының құрылысы жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version