Көкшетау жәрмеңкелері қалай өтеді?

Күнделiктi қажеттi ет, сүт, жұмыртқаның бағасы бiршама төмен болғандықтан, халық ертемен үйреншiктi қалыппен «Алтын ғасыр» сауда үйiнiң алдына баруға асықты. Ерте барғанның олжалы болатыны анық.

Бұл жолы қала тұрғындарына өзiнiң өнiмiн бұландылық, бурабайлық, қорғалжындық және целиноградтық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер ұсынды. Жергiлiктi «Бижан», «Көкшетау сүт зауыты», «ТауКон», Бектасов, Нұртазин, Анапина ЖК де қалыс қалған жоқ.

Ауылшаруашылығы жәрмеңкесiнiң ассортиментiмен облыс және қала басшылары танысып шықты. Бұл күнi де көкшетаулықтарды ет және сүт өнiмдерi қызықтырды. Сүттiң бiр литрi -220, сары май- 1800, iрiмшiк- 550, айран — 140, қаймақ -1200, жылқы етi- 1400, қаз-1200, сиыр етi-1250 теңгеден саудаланды. Қала тұрғыны Жамал Жантасованың айтуынша, ол жәрмеңкеден бiр қалмайды. Өйткенi бағасы өте тиiмдi. Бұл жолы 10-15 теңгеге түсiптi.

Бұл жолғы жәрмеңкедегi тағы бiр ерекшелiк, сауда павильондарының төбесiне ауданның атауы мен төлтаңбасы ғана емес, мысалы Сабынды және Қарашалғын ауылдық округi әкiмдерiнiң ұялы телефон нөмiрлерiн де жазып қойыпты. Яғни егер бағаның көтерiлiп кеткенiн байқасаңыз, бiрден билiк өкiлiне шағымдана аласыз. Бiрақ олай арызданушыларды кездестiрген жоқпыз. Халықтың көңiлi көтерiңкi, жүздерi жайдары болды.