Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл қойды

Мемлекет басшысы елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Содан кейін президенттік оркестр мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев гүл қою рәсіміне жиналған жұртшылықпен жүздесіп, ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады.