Басты бетЖаңалықтарҒалымдар шизофрениямен...

Ғалымдар шизофрениямен күресудің ерекше әдісін ойлап тапты

Британиялық ғалымдар «аватардың» цифрлық визуалды моделін жасап шықты. Осы аватардың көмегімен науқастар «бөгде дауыстан» арыла алады.

Журналға басылып шыққан мақалада шизофрениямен ауыратын науқастардың 70%-ы бөгде дауыстарды естіп қиналатындары жазылған. Әдетте мұндай дауыстар науқастарға боғауыз сөздер айтып, намысына тиіп, өміріне қауіп төндіретін әрекеттер жасауға көндіреді. Көп жағдайда ауру белгілерін медикаменттердің көмегімен азайтады. Бірақ, терапиядан кейін де әрбір төртінші науқас бөгде дауыстарды естіп қиналады. Бұл туралы зерттеу авторы Лондондағы Патша колледжінің профессоры Том Крейг айтып берді.

Ғалымдар зерттеу жұмысын жүргізу үшін Британия ауруханаларында жатқан 18-65 жас аралығындағы 150 науқасты шақырған. Олар шизофрения және психоз ауруына шалдыққан. Зерттеу қатысушыларын екі топқа бөледі. Алғашқы 75 адам психиатрда, ал қалған 75 адам «аватар-терапияның» көмегімен емделеді. Мұнымен қатар, екі топ мүшелері де дәрілерін қалдырмай ішіп жүрген.

Зерттеу нәтижесінде, «аватар-терапиядан» өткен 75 адамның жетеуі 12 аптадан кейін бөгде адамның дауысын естімейтін болған. Ал психиатрда емделген топта екі адам ғана толықтай жазылған.

ДереккөзBAQ.kz