2017 жылдың ең үздік әндері анықталды

Рейтингке 50 шығарма енгізілген. Бірінші орынды британиялық One Direction тобының әншісі Гарри Стайлcтың Sign of the Times әні иеленген. Екінші қатарға жаңазеландиялық Лордтың Homemade Dynamite әні шыққан. Үздік үштіктің соңын Кендрик Ламардың Humble деген әні тұйықтаған.

Ал YouTube каналында қаралымы көп болған Джастин Бибердің қатысуымен жазылған Луис Фонси мен Дэдди Янкидің «Despacito» әні жетінші орыннан табылды.

Сондай-ақ, үздік ондықтың қатарында әнші Карди Бидің Bodak Yellow трегі, U2 тобының Lights of Home әні, Migos тобы мен әнші Lul Uzi Ver бірігіп орындаған Bad and Boujee әні бар. Сегізінші орнында Portugal орындаушыларынң Feel it Still шығармасы тұр. Одан кейін The Man, The Weekend пен Лан Дель Рейдің Lust for Life әні мен Future-дің Mask Off әні үздік деп танылған.

ДереккөзBAQ.kz