Алматыда бұрындары бірін-бірі қайталайтын 100 көшелер атауы өзгерген болатын.
Қалаға қосылған елді мекендерді есептегенде мегаполисте Абай атында — 12. Мұхтар Әуезов атында -3, Жамбыл Жабаев атында -13, Құрманғазы атында -6, Төле би атында — 5, Қазыбек би атында- 3, Әйтеке би атында -3, Райымбек батыр атында -8, Наурызбай батыр атында – 4, Қарасай батыр атында – 8, Байтұрсынов атында – 4, Сәкен Сейфуллин атында- 5, Әлия Молдағұлова атында – 6, Мәншүк Мәметова атында 6 көше аталған екен.
Осыған орай, Алматыда 42 көше еліміздің дамуына үлес қосқан қайраткерлер есімін иеленсе, қалғандары географиялық атауға, қазақстанның тарихы мен мәдениетіне, дәстүріне орай аталған екен. Енді Ш.Айтматов, Г.Бельгер, Т.Бигелдинов, Е.Серкебаев, Қ.Кенжетаев, С.Калмыков, Қ.Мырзалиев, Алматы апортының «әкесі» атанған Е.Редько және басқалардың есмідерін алған көшелер пайда болады.