Басты бетЖаңалықтарАқмола облысы...

Ақмола облысы мен Хэбэй провинциясы арасында қарым-қатынас орнады

Сапары барысында аймақ басшысы, Хэбэй провинциясының губернаторы Сюй Цинь мырамен кездесті.

Кездесуде Қытайдың Хэбэй проивинциясының губернаторы Сюй Цинь, Ақмола облысы мен Хэбэй провинциясының ұқсастығын алға тартып, екі жақтық қарым-қатынасты нығайтуда бірқатар ұсыныс айтты.

Тараптар сондай-ақ ауыл шаруашылығы, қолжетімді баспана, шикізатты терең өңдеу, туризм мен жоғары технологиялар саласының даму болашағы туралы пікір алмасып, осы мақсатта бірлескен жұмыс топтарын құрып, мәдени-танымдық бағдарлама аясында делегация алмасу туралы уағдаласып, әр тараптан үйлестірушіні тағайындады. Бұдан бөлек, тағы бір жұмыс тобы бауырластық туралы келісімді жүзеге асыратын болды.

Мәлік Мырзалин Шицзячжуань қаласының жоғары технологиялық бірегей аудандарының бірінде болып, ондағы екі маңызды аймақты көрді. Әлемдегі ең ірі патенттелген дәстүрлі Қытай медицинасындағы өсімдік өніміне негізделген фармацевтика саласындағы өндіріс орнының жұмысымен танысты.

Ақмола облысының делегациясы «Цзюлебао» сүт өнімін өндіру жөніндегі Қытайдағы ірі зауытта ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.