Басты бетМайк Тайсон:...

Майк Тайсон: Спортшы өзіне жанашырлық танытпау керек

Америкалық боксшы Майк Тайсон спортта табысты болуының құпиясын ашты, деп жазады RSport.

Майк Тайсон балалық шағында көп қиындық көрген екен.

«Мен Нью-Йорктың ең кедей ауданында туып өстім. Анам маскүнем, әкем сутенер болатын. Жақсы тәрбие алмағандықтан, заңды көп бұздым», — дейді боксшы.

Спортшының айтуынша, жаттықтырушы Касса Д’Аматомен кездескеннен кейін өмірі түбегейлі өзгерген.

«Ол маған қалай жұдырықтасу керектігін үйретті. Сол кісінің арқасында менің өмірім жақсы жаққа өзгерді», — дейді ол.

Боксшының ринг пен өмірдегі көптеген жеңіс пен жеңілістен үйренгені – қандай қиын жағдай болса да, өзімізге жанашырлық танытпай, өмірді басынан бастау. 51 жастағы спортшы кәсіби мансабында 50 рет жеңіске жетіп, 6 рет жеңілген. 1986 жылы ол әлемдегі ең жас чемпион атанды. Рингтегі жетістіктерінен өзге спортшы 1992, 1998 және 2008 жылдары сотталғанымен белгілі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 1-2 желтоқсан күндері өтетін Synergy Global Forum-да Майк Тайсон спикер болады.

ДереккөзBaq.kz