«Мен жастарға сенемін!» республикалық форумының жеңімпаздары анықталды

Қазіргі уақытта жастарды дамытуға барлық жағдай жасалған. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ұсынылған рухани жаңғыру үдерісінің маңызды бөлігі жастар арасында отансүйгіштік, өз жеріне, өз ауылына, қаласына, аймағына деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған.

Біз еліміздің барлық жетістіктерін Елбасы — тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырамыз. Сол себепті болар, Тұңғыш Президент Күні барлық қазақстандықтар үшін айтулы күнге айналды.

Осы мерекеге орай біздің университет «Мен жастарға сенемін!» атты республикалық патриоттық форумын ұйымдастырды. Биыл бесінші форум өткізіліп отыр. Оның басты мақсаты — студент жастардың отаншылдығын, азаматтық жауапкершілігін арттыру.

Форум бағдарламасы аясында 4 байқау өткізілді:

«Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты инновациялық жобалар байқауы;

«Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты эссе байқауы;

«Мен жастарға сенемін!» атты студенттік азаматтық-патриоттық бағыттағы поэзиялық шығармалар;

«Мәңгілік ел мұратым!» патриоттық әндер байқауы.

Ұйымдастырушылар алқасына республикамыздың 69 жоғары оқу орны студенттерінен 2000-ға жуық жұмыстар келіп түсті. Олардың ішінен ең үздік 58 университеттен 400 автор гала-форумға шақыру алды.

Республикалық «Мен жастарға сенемін» конкурсының іріктеу комиссиясы жұмысының қорытындысы:

1-орын

Нұқы Жамбыл Чоканбайұлы — – М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті, (мамандығы — «Қазақ тілі мен әдебиеті»)

2-орын

Құрманәлі Жазира Хайроллақызы С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінің студенті, (мамандығы — «Менеджмент»)

3-орын

Абылай Ғалия Архатқызы – Тараз Мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті, (мамандығы — «Қазақ тілі мен әдебиеті»)

Номинациялар:

«Қазақстан-Заман» газетiнiң «Ұшқыр ой» номинациясын Есет Мөлдір Мейрамбекқызы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік мемлекеттік университетінің студенті (мамандығы — «Биология»);

«Айқын» газетінің «Ойтамызық» номинациясые Сман Жансая, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті (мамандығы — «Қазақ тілі мен әдебиеті»);

Әл-Фараби ҚазҰУ Журналистика факультетінің «Азаматтық рух» номинациясын Бердыбай Жазира Таңатқызы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті (мамандығы — «Маркетинг»);

«Жас өркен» ЖШС-нің «Нұрлы ой» номинациясын Әбжаппар Әсел Сәбитқызы, «Болашақ» академиясының студенті (мамандығы — «Қазақ тілі мен әдебиеті»)

«Қала мен Дала» газетінің «Рух баян» номинациясын Серік Жұбаныш Бауыржанұлы, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің студенті (мамандығы- «Қазақ тілі мен әдебиеті»)

«Түркістан» халықаралық апталығының «Асқақ арман» номинациясын Амандық Айжұлдыз, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің студенті;

«Алматы Ақшамы» газетінің «Ақиқатқа адалдық» номинациясын Аймақова Мәдина, Атырау Инженерлік –гуманитарлық институтының студенті (мамандығы -«Экономика») алды.

Байқауға келіп түскен барлық жұмыстарды білікті мамандардан жасақталған комиссия құрамы тексеріп, жүлделі орындарды анықтады. Комиссия құрамын таныстыра кетсек, төраға — Нұртөре Жүсіп, «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы-директоры. Комиссия мүшелері: Жүсіпбек Қорғасбек – «Жас Өркен» ЖШС-нің Бас директорыҚали Сәрсенбай – «Алматы ақшамы» газетінің Бас редакторы; Жаңабек Шағатай – «Түркістан» халықаралық апталығының Бас редакторы; Ертай Айғали – «Қазақстан-Заман « халықаралық апталығының Бас редакторы; Нұрлан Жұмахан – «Қала мен дала» қоғамдық саяси апталығының Бас редакторы; Александр Рожков – «Аргументы и факты»-Казахстан» апталығының шолушысы; (орыс тіліндегі мәтіндерге жауапты); Айгерім Әлжанова — Журналистика факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары (ағылшын тіліндегі мәтіндерге жауапты).

Айта кетейік, форум ҚР Білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр. Сондай-ақ, шараны ҚазҰУ-мен қатар «Жас Отан» жастар қанаты, «Жандану әлемі» қоры, «Жазушылар Одағы», мен Қазақ радиосы бірлесе ұйымдастырып отыр.

Бұл шара Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күнін атап өту аясында 2013 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл сайын «Мен жастарға сенемін!» атты республикалық студенттік патриоттық жастар форумы өткізіліп келе жатыр. Форумның негізгі мақсаты — студент жастардың Қазақстанның болашағына деген азаматтық жауапкершілігін арттыру және патриоттық, отаншылдық сезімін биікке көтеру.

Әлжанова Айгерім Болатхановна,

ф.ғ.к, доцент, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 

журналистика факультеті, деканның оқу-әдістемелік және

тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.