Басты бет Жаңалықтар Ислам Каримовтың 80 жылдығы тойланады

Ислам Каримовтың 80 жылдығы тойланады

Өзбекстанның қазіргі президенті Шавкат Мирзияев "Өзбекстанның тұңғыш президенті, ұлы саяси және мемлекет қайраткері Ислам Әбдіғаниұлы Каримовтың туғанына 80 жыл толуын тойлау" туралы қаулыға қол қойды.

©Centralasian.org

Жарлық Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың республика тәуелсіздігіне қосқан зор тарихи үлесін ескере отырып, бұған қоса оның мұрасын ғасырларға жеткізу мақсатында қабылданған.

2018 жылы қаңтарда Самарқанда Каримовтың ескерткіш қабірі ресми түрде ашылады және Карши қаласында оған ескерткіш қойылады.

Бұған қоса Каримовтың өмірі мен қызметі туралы деректі фильм түсіріліп, тұңғыш президент жазған кітаптар мен оған арналған шығармалар басылады.

Білім беру мекемелерінде, әскери бөлімдерде, еңбек ұжымдарында және жергілікті өзін өзі басқару органдарында оның құрметіне арналған кездесулер ұйымдастырылады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version