Басты бет Жаңалықтар Қарағандыда Алдаркөсеге ескерткіш орнатылды

Қарағандыда Алдаркөсеге ескерткіш орнатылды

Қарағандыдағы мемлекеттік балабақша алдындағы алаңға ертегі кейіпкері Алдаркөсеге арналған ескерткіш орнатылды.

Көрнекі фото

«Гүлдер» балабақшасының меңгерушісі Бақытгүл Абдрасилованың айтуынша, бұл кейіпкер халық даналығы мен тапқырлығының символы.

«Балалардың өз әрекеттері үшін жауапкершілік сезінгені өте маңызды. Өзінің ақылды айлакерлігімен ол адамдарды сараң болмауға, рақымсыздарды мейірімді болуға үйретеді», — дейді балабақша директоры.

Саз балшықтан жасалған есек мінген Алдаркөсенің ескерткіші — қарағандылық мүсінші Бөскей Қыздарбековтың балаларға жасаған тартуы.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version