Басты бетЖаңалықтарАҚШ-та алғаш...

АҚШ-та алғаш рет адам миына көңіл-күйге әсер ететін имплант енгізілді

Зерттеу барысында ғалымдар психикалық ауытқушылықтар кезінде мидың белгілі бір белсенділігіне әсер ететін нейроимплантты сынақтан өткізген.

Сондай-ақ, психикалық ауытқушылықтар туындаған кезде оны қайтадан қалпына келтіретін электрлі импульстарды миға жіберген.

Калифорния университеті мен Массачусетс госпиталінің зерттеушілері дәрігерлердің күйзеліске ұшыраған және жарақаттанғаннан кейін жүйкесі сыр берген әскерилер мен ардагерлерді емдеу үшін имплантты электродтар жүйесін құруды жоспарлауда.

Алайда, басылым атап өткендей, бұл жаңа технология арқылы емделушіні тіпті дәрігерлердің көмегінсіз-ақ емдеуге болады.

ДереккөзBaq,kz