Басты бетНұрсұлтан Назарбаевтың...

Нұрсұлтан Назарбаевтың биографиясы әзербайжан тілінде жарық көрді

Кітапты әзербайжан тіліне Халықаралық Түркі академиясының ұсынысымен белгілі журналист, И.Гаспыралы атындағы сыйлықтың лауреаты Аида Эйвазова аударды.

«Нұрсұлтан Әбішұлы  – әлем адамы. Кітапты аударып отырып ұлы тұлғадан сабақ алғандай әсерде болдым», — дейді Аида Эйвазова.

Кітаптың тұсауын кітаптың авторы ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы, Тұңғыш Президент — Елбасы кітапханасы директорының міндетін атқарушы, профессор Махмұд Қасымбеков пен Әзербайжан Республикасы Президентінің қоғамдық-саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Әли Гасанов кесті.

«Кейбір ұлы тұлғалардың өмірі бүкіл халықтың тарихи өмірін тың арнаға бұрып жатады. Әзербайжан халқының басшылығына қиын-қыстау кезеңде жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Алиев келсе, қазақтың бағына Нұрсұлтан Назарбаев басшы болды. Ол тоқсаныншы жылдары қазақтарды титулды ұлт ретінде көтерді. «Нұрлы көш» бағдарламасы арқылы шеттегі қазақтарды тарихи отанына шақырды. Қазақстанда әзербайжан азаматтары өзгемен тең өмір сүріп, саяси және қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы институтын құрған Нұрсұлтан Әбішұлының еңбег3 ерекше», -деді Әли Гасанов.

Туынды 2012 жылы жарық көргеннен бастап орыс, ағылшын, венгр, араб, неміс, серб және француз тілдеріне аударылған болатын. Кітап Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметін ресми тарихи-өмірбаяндық тұрғыдан зерттеудегі алғашқы тәжірибені ұсынады.

ДереккөзEgemen.kz