Басты бетҚоғам2018 жылдан...

2018 жылдан бастап ерлер денсаулығына бюджеттен қаражат бөлінеді

Мамандардың айтуынша, ерлердің 65 пайызы дәрігерге қаралмайды. Сол себепті ерлер арасындағы ауру өршіп, белсіздік көрсеткіші артқан. Одан өзге қуық асты безінің қатерлі ісігі әрбір алтыншы қазақстандықта кездеседі. Осыған байланысты биылдан бастап алғаш рет ерлер денсаулығына бөлінген қаражатқа емханаларда тегін дәрігерлік қызмет көрсетіле бастайды.

«Біз бірінші ел, дүниежүзіндегі ерлердің денсаулығын Үкімет арқылы, халықтың ақшасы арқылы қарап отырмыз. Сол үшін облыс орталықтарында орталықтар аштық. Соның өзінде еркектердің 65 пайызы өзінің денсаулығына қарамайды. Тек қана Қазақстанда емес, біздің көршілерде мысалы, Ресейде 70 пайыз, Түркияда 45-50 пайыз»,- дейді Академик Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығының басқарма төрағасы Мырзакәрім Алшынбаев.

ДереккөзAstanatv.kz