Басты бет Қоғам Бет-әлпетті бүркейтін киімге тыйым салу қауіпсіздік үшін қажет — Нұрлан Ермекбаев

Бет-әлпетті бүркейтін киімге тыйым салу қауіпсіздік үшін қажет — Нұрлан Ермекбаев

Бүгін дін, діни бірлестіктер туралы заң жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау бойынша дипкорпус өкілдері үшін брифинг өтті. Онда қоғам қауіпсіздігі үшін бет-әлпетті бүркемелейтін киім киюге тыйым салу қажет екені айтылды.

Көрнекі сурет

«Бұл тікелей діни мәселеге қатысты емес, шын мәнінде ол қоғамдық қауіпсіздік мәселесі. Мысалы, никаб, чадра, палаклава немесе бетперде секілді киім кию құқыққорғау органдарының жұмысына кедергі жасайды. Демек қоғамдық қауіпсіздікті қамту бойынша шаралардың тиімсіз болуына әкеледі. Сондықтан оның дінге қатысы жоқ»,- деді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.

Оның айтуынша, бұл нормаға қатысты азаматтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік қызметкерлер мен сарапшылар пікірі, Бельгия, Франция секілді басқа елдердің де тәжірибелері ескерілген. «Олар никаб, хиджаб киюге тыйым салу адам құқын бұзбайды деген шешімге келген»,- дейді министр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version