Басты бет Жаңалықтар Оқушы мектепке хиджаб киіп келсе не болады?

Оқушы мектепке хиджаб киіп келсе не болады?

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева оқушылар мектепке хиджаб киіп келсе қандай шара қолданылатынын айтты.

Білім және ғылым вице-министрінің айтуынша, еліміздегі барлық мектептерде хиджаб киюге тыйым салатын жарғылар мен ережелердің бекітілген. Егер де оқушы мектепке хиджаб немесе басқа да діни мазмұндағы киіммен келсе, оған мектеп басшылығы шара қолдануы тиіс.

«Егер де оқушы мектепке қандай да бір діни мәні бар киіммен келсе, оның ата-анасына ескерту жасалады. Менен: «Бала мектепке хиджаппен келсе, сіз оны мектептен шығарып жібересіз бе?»,-деп сұрайтындар көп. Біз оқушыны мектептен шығармаймыз. Баланың ата-анасын шақырып, баланың үстіндегі діни мазмұндағы киімін ауыстыруды сұраймыз. Кейін бала сабағына қатыса береді.

Егер де жағдай қайталана берсе, бала ата-анасы келгенше мектепте күтіп отырады. Тағы да қайталаймын: оқушы мектепке келерде діни мазмұндағы киімдерін ауыстыруы тиіс. Сабақ аяқталып, мектептен шыққан соң, ол киімін қайта кие алады. Себебі, бұл мектеп. Біз ешкімге моральдық нұқсан келтіріп отырған жоқпыз», — деді Эльмира Суханбердиева.

 

30 пікір

  1. Бос сөз. Айтқан сөздерін заң деп ойлайдымекен? Әлде бәрі надан өзі ақылды деп ойлайдымекен? Бұл кісінің Хиджабқа өші бар негізі. Қысқа көйлек киген, басында миы жоқ қыздарды солай жүруге тиым сал оданда.

  2. Әй, алысқандарың дін болды ғой. Қоғамда басқа мәселе жоқ сияқты. Айналаларыңызға анықтап қарасаңыздар, біздің Алматы қаласының өзінде неше түрлі қауіпті субмәдениеттегі жасөспірімдерді көре аласыздар. Олардың ерекшелігі -ата-анасын тыңдамау, сабаққа аса ден қоймау, болашағын бұлыңғыр елестету. Неге осы субмәдениеттегілермен айналыспасқа? Ал, мектеп қабырғаларының өзінде -ақ юбкалары өтее қысқа болған, жейдесінің ішінен ішкі киімі көрініп түратын, ШАШЫН ЖАЙМАҒАН қазақтың сөзін пысқырмаған, эхххххххх……….айта берсеңңңңңңңң көөөөөөөп қой. Бір сөзбен Абайша айтқанда » қайнайды қаның, ашиды жаның». Алллл, сіздер келіп алысыңыздар, тек дінменнннн. Аллах діндегі қазағыма сабыр берсін. Аминь

  3. Сен хиджапка карсы шыкканша компьютер билмейтин мугалимдерге компьютер уйрет, той томалакка барп арак ишуди азайтсандарш.мугалимдер кандай екенин билемизгой, апта сайын тойга барады.

  4. Не себептен олай тыйым салады? Моральдық нұқсан жоқ дит сонда қандай нұқсан бұл? Мұсылмандар мемілекетінде жүріп кәпірлердің ісін жасаймыз. Халық келісімдерді бұл заңмен? Әйтеуір отырып алып мынау болмайд анау болмайтын деп тыйым салады бір күні Аллаһқа сенбеңдер дейтін шығар надандар! Аллаһ хидаят берсін!

    • Біз Мұсылман емес, зайырлы мемлекетте тұрамыз.

  5. Хиджаб кигеннің бəрі уахабист немесе салафизмдегілер емес қой. Хиджаб кигендер Алладан шынайы қорқып Алланың əмірін орындап жүрген жүрегінде иманы барлар. Алысқа бармай-ақ қояйық. Айта берсек шашыңды ағартатын мəселе көп. Жай мына мектептерді алайық. Кешке дейін қыздардың хиджабтарымен алысқанша неге тəртіптерімен, білімдерімен алыспайды. Мектеп қыздары жап-жас, кішкентай болып, жеңіл жүрісті, түсік жасатып не болмаса балаларын көрінген жерге лақтырып жүр. Мектеп балалары бір-бірін өлтіріп жүр. Неге осыларды қолға алмайды. Қайта дінді қолдап жастардың иманын күшейтсе қоғамда мұндай сорақылықтар орын алмас еді. Бəріміз дұғада болайық. Алла баршамызға хидаят берсін!

  6. С какой это стати?! Почему не запрещают мини юбки и прозрачные белые блузки? Есть старшеклассницы приходят не в школу, а будто на харам заведение (вечеринку, клуб и т.д)! Какой толк если в школе снимать и потом одевать? Это вам не игрушка сняла и одела!!! Это иман, стыд, богобоязненность, защита! Понимаете?!

    • Но увы они это не понимаю, да и думать не хотят об этом. Проблема министерство науки и образования в том что они сами не образованные.

  7. Отырып алып заң шығара берсе да әитеуір. Өздері қысқа-қысқа киіп алып, намаз оқымай жүріп, «басқалар да осылай жүрсін да мына заңды шығара салайын» деп айтқан шығар. Қайта орамал тағып жүрсе, ұятсыз нәрселерден аулақболар еді. Елімізде тастанды балалар, ажырасқандар, араққа мастанғандар, төбелестер, көтерілістер болмас па еді!!!! Осы заң шықпай ақ қойса екен ИншаАллах !!

  8. Діни мазмұндағы киім дейді, онда бірыңғай мектеп формасы болсын, юбкасы тізеден томен болсын,кеуделерин ашпай жауып келсин,боянбай,шаштарын жинап келсин, бул талапты кайсысы кадағалар екен? Аке шешесин шакыртама екен? Неге мектепке булай келеди деп? Намыс жоккой намыс, намысы жоқтың уяты жок,уяты жоқтың иманы жок

  9. Əс сəлəму алейкум! Мынандай тəртіп орнатылса,хиджап киіп баратын діни мектеп те бізде жоқ. Болса да өздері таңдаған ақида бойынша ашып жүреді сол мектепті деп ойлаймын. Ал олай болса,арғы жағы түсінікті,сол бұрынғы салафилердің жолына тосқауыл қою əбден мүмкінғой. Келе келе мұсылмандардың ақида мəселесіне келіп тірелуінің салдарынан деп ойлаймын. Фанатиктердің қозғалысы да болуы мүмкін деп кейде ойлаймын.Аллаһ жақсы біледі мен білмеймін.Ол қорқытуларда шайтан жұмыс жасауда,ал қорқуға лайықты тек бір Аллаһ! Аллаһтың сіздерге хидаят беруін сұраймын.Конституция заңынан сіздердің заңдарыңыз төмен тұруы міндет. Осыған дұрыс мəн беріңіз. Біз зайырлы мемлекетпіз. Дегенмен алдымен Аллаһтың заңы əділ заң.жоғарыдағы пікірлер қалдырған қандас қарындастарымыздың өтінішін аяқ асты етпеңіз көзі ашық көкірегі əлі ояу халқымның барына мен қуанамын.Əлхамдулилляһ! Істе əділ болыңыз жоғарғы жақ. Дегенмен біз сəлəфилерді əрқашан сабырлықта көресіз ин ша Аллаһ. Жəне халқыма сондай сабырлықты тілеймін! Бəрібір біз заңға қарсы келе алмаймыз,сонда да Аллаһ құтқарады деп сенеміз мұсылман халықты.Рахмет баршаңызға ағайындар. Іс сəлəму алейкүм уа рахматуллахи уə баракəтух!

  10. хиджаб киюге неге рұқсат жоқ? хиджаб түгілі мектепке тобықтан келетін юбка кигізбейді, бұл не масқара? Өзінше келіп алып тәртіп орнатпақшы, бәрі бір сендердің сөздерің біздің иманымыздың алдында бос сөз. Хиджаб кием дейтіндерге ешбір тосқауыл болмау керек.Осыны оқып отырған ата аналарға айтарым қыздарыңыз хиджаб кием десе разы болыңыздаршы. Естеріңізде болсын оранған қызға ешкім зиян келтірмейді,ешкім қиянат жасай алмайды.
    Ешкім қыздарыңызды көшеде зорлап, екіқабат етіп тастап кетпейді,әлде ондай болыппеді? ӘРИНЕ БОЛМАҒАН. Өйткені Алла құлын қор қылып қоймайды.Орану бұл Алланың бұйырғаны, бұл біздің парызымыз, арымыз хиджаб деген біздің иманымыз. Ал оранғандарға айтарым бұның бәрін сынақ деп біліңіздер. Хиджаб киілмейді деген заң қабылданбаса екен деп сұранамыз Алла қаласа! Алла сіздерге хидаят берсін

  11. хиджаб киюге неге рұқсат жоқ? хиджаб түгілі мектепке тобықтан келетін юбка кигізбейді, бұл не масқара? Өзінше келіп алып тәртіп орнатпақшы, бәрі бір сендердің сөздерің біздің иманымыздың алдында бос сөз. Хиджаб кием дейтіндерге ешбір тосқауыл болмау керек.Осыны оқып отырған ата аналарға айтарым қыздарыңыз хиджаб кием десе разы болыңыздаршы. Естеріңізде болсын оранған қызға ешкім зиян келтірмейді,ешкім қиянат жасай алмайды.
    Ешкім қыздарыңызды көшеде зорлап, екіқабат етіп тастап кетпейді,әлде ондай болыппеді? ӘРИНЕ БОЛМАҒАН. Өйткені Алла құлын қор қылып қоймайды.Орану бұл Алланың бұйырғаны, бұл біздің парызымыз, арымыз хиджаб деген біздің иманымыз. Ал оранғандарға айтарым бұның бәрін сынақ деп біліңіздер. Хиджаб киілмейді деген заң қабылданбаса екен деп сұранамыз Алла қаласа! Алла сіздерге хидаят берсін

    • Байғұмтар ай, Аллаһ хидаят берсін! Хиджап, дін арап дегендері бос əуре. Арап болып барамыз дейт, Енді пайғамбарымыз да құранымызда арапша емеспа, енді не стейік, еврей болайықпа? алде будда болайықпа субханАллаһ. Мини ювка, шалбарлатып жургенді улттық киім дейт, арақпен, əндеткендерді салт-дəстүр дейт тағы не????? Кай ата бабаларымыз солай журген. Біз бұл дүниеге Аллаһқа құлшылық ету үшін келгенбіз, ертен əр нəрсенің есебі бар. Аллаһтан қорқу керек….

  12. Таза малдарғой. Сол орамалды кисе білім алуы мый тоқтапкаладымекен. Оданда ашық шашық жүргендерді тиым алмайма.
    Алла жазаларыңды берсин осындай ойлайтын малдарға айуандарға адам деп айтуға келмейді сендерді.
    Оздері кезінде сол орамал ораған ажелердің урпағы еді енді сол урпағы Дінінде тілінде ата бабасында сатты. Саткындар.
    Саткындар шайтанға сатылғандар

  13. Ассалямуғалейкум. Бұл жаратушы Аллаһтың бұйрығы құранда жақсылап айтылған.орамал тақ жане ұзын киіңдер деп. Əуреттеріңді корсетпеңдер деген. Бұған қарсы заң шықпағаны жақсы еді. Керсінше қысқа киуге тыйым салу керек.

  14. далада киынып журген кыз бала мектептын ышынде жаланаш журе алады деп ойлайды ма сонда булар.

  15. в министерствах казахстана неправильно понимают светскость, а также авторы закона «О религиозной деятельности …», которые написали тавтологию «отделена от религии … и носит светский характер». светскость по другому называется отделением государства и религии. запрет пропаганды религии в светском государстве означает лишь что государство не должно пропагандировать религию, но не означает что государство должно мешать людям соблюдать религию, а также пропагандировать, так как это просто право общаться, а государство само заставляет людей ходить в школу, поэтому пусть не мешает им общаться в школе и жить как они хотят, главное дело школы — образование, вот пусть школа этим занимается. более того, заставление одевать европейскую одежду, или что-то иное подобное само является почти навязыванием некой государственной религии, и противоречит принципу светскости.
    граждане казахстана должны выполнять законы и приказы исправив их соответственно конституции, если они противоречат конституции: «Конституция имеет высшую юридическую силу и прямое действие на всей территории Республики».

  16. Эльмира Суханбердиеваның түріне қарасан надан сияқты бұл өмірге адам баласы неге келді деп сұрап көру керек. Бұл өмірде неғып жүрсің деп сұраңдар кездесіп жатсаңдар осы сөзге қандай жауап берсе кім екені белгілі еврейлерде дінді жақсы білген бірақ бас тартқан.

  17. Дұрыс ,,заңға бағыну керек,,олар не құдай ма өз дегенімен жүретін,,хиджабқа тиым салу керек,,қайдан шыққан құдайлар олар,заңға бағынбайтын..

  18. Басқа елдің салтын ұстап,дінін қолдап жүрген ермелер үкімет заңына бағыну керек,ұнамаса сол хиджаб киетін мемлекетке кетсін олар,,бұл не масқара ,,өз дегендерін жасайтын құдай ма сонша,әлде ерме адамдар ма? ұлттық киімді неге кимейді нағыз мұсылман болса,қайдағы біреудің салтын,ғұрпын ұстанғанша…

    • Ассалаумагалеикум хиджаб ол арабтардыкі емес мусылмандардікі сосын казактар ашык журмеген олай тусинбей жатып карсы болудын кажеті жок

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version