Басты бетАтыраудан Ресейдің...

Атыраудан Ресейдің бірнеше қалаларына тікелей әуе рейстері ашылады

Екі ел арасындағы әуе рейстерінің көбейетіні туралы Қазақстан Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералды кеңесінің ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының Сочиде өткен XI отырысында хабарланды.

Комиссия одан өзге екі ел арасындағы зияткерлік меншік құқығы, жастар саясаты мәселелерін, Ресейге қазақ тілді оқулықтарды енгізу мүмкіндіктерін қарастырды.

«Ол – шекарадағы қандастарымызға қазақ білім беретін кітап жеткізу. Ресей заңына сәйкес Қазақстанда шығарылған кітаптарды қабылдамайды. Оны заңдастыруға әріптестеріміз соған келтіріп отыр»,-дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаев.