«Қара жұмада» қандай жеңілдіктер болады?

Әлемнің қай қаласын да тұрсаңыз да, бұл күні ақшаңызды үнемдеп қалуыңызға болады, деп хабарлайды informburo.kz.

Бұл үрдіс ең бірінші АҚШ-та пайда болған. Аталған мемлекет дүкендері тұтынушыларға 90%-ға дейін жеңілдік жасайды. Ал Қазақстанға «Қара жұма» алғаш 2009 жылы келді. Араға 4 жыл салып бұл шараға атсалысушы дүкендердің қатары көбейді.

Бүгін Қазақстан бойынша «Технодом», Alser, Sulpak, «Белый ветер», «Мечта», Lamoda, Wildberies, Intertop, Black Star Wear және «Меломан«, Marwin, Chocomart сынды дүкендерде жеңілдіктер болады. Мұнымен қатар, Chocolife сервисі жеңілдігі көп купондар ұсынады.

Әзірге Қазақстан дүкендерінің алдында үлкен кезектер байқалмайды. Ал жеңілдіктер туралы ақпараттарды promo-kod.kzpicodi.com сайттарынан біліп отыра аласыздар. Өткен жылы аталған шараға Қазақстанның 28 интернет-дүкені қатысып, жеңілдіктер 80%-ға дейін жетті.