Бүгін ауа райы жауын-шашынсыз

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек батыста, солтүстік-батыста және оңтүстікте жауын-шашын болады. Республиканың кей жерлерінде тұман болып, жел көтеріледі.

Фото: Today.kz

Атап айтқанда, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы — 15-20 м/с болып, екпіні 25 м/с-қа жетуі ықтимал.

Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында және күндіз Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, түнде Павлодар, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі деп болжанады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version