Марапаттау барысында Дариға Назарбаева министрдің қолдауына алғысын білдірді.
«Жоғары сенім білдіргендеріңіз үшін рахмет. Шын жүрегіммен жас жауынгерлерімізді қолдаймын. Әскери-патриоттық қозғалыстың еліміз үшін аса маңызды деп есептеймін. Себебі рухани тәрбие мен Отанға деген сүйіспеншілікті сіңіру арқылы жас балалардың тұтас буыны өсіп келеді. Олар өмірдің түрлі салаларында өз орындарын табады. Біреуі кәсіби әскери, біреуі — генерал, енді бірі — жоғары бас қолбасшы болатын шығар. Неге болмасқа? Бұл жол бәріне ашық», — деді депутат.
Күні кеше ғана Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібін дамыту мәселелері талқыланған еді. Онда сенатор қорғаныс өнеркәсібі кешені құрылған өңірлердегі экономика құрылымын құрайтын діңгекке айнала алатынын, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға ықпал ететін атап өткен. «Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту мәселелерінің толық реттелуіне Қарулы Күштерді қайта жарақтандыру қарқыны ғана емес, аймақтардың әлеуметтік дамуы мен мемлекетіміздің жалпы өнеркәсібінің жағдайы да байланысты»,- деген еді Дариға Назарбаева.
Еске сала кетейік, «Ел қорғаны» ведомстволық медалі Қорғаныс министрлігінің үздік әскери қызметшілеріне беріледі. Ол биылғы наурыз айында тағайындалған.