Сабақтардың негізгі мақсаты жеке құрамның атқарып отырған лауазымы көлемінде функционалдық міндеттерін, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлімін, оларды пайдалану тәртібін зерделеу болып отыр.
Дайындық барысында жеке құрамның қару мен жауынгерлік техниканы сауатты қолдана алуына, штаттық байланыс құралдарын игеруі мен алғашқы медициналық жәрдем көрсете білу машығына айрықша назар аударылған. Қарулы Күштерде мамандық бойынша дайындау командирлердің, әскери бөлімдер мен бөлімшелердің сержанттарының жетекшілігімен өтуде. Мамандық бойынша дайындықтан барлық әскер түрлерінің, өңірлік қолбасшылықтар мен десантты-шабуылдаушы әскерлердің әскери қызметшілері өтіп жатқанын айта кету қажет.
Әскери қызметшілерді мамандық бойынша дайындау шараларының қорытындысын 29 маусым мен 1 шілде аралығында ҚР ҚК Бас штабының,
ҚР ҚК түрлері бас қолбасшыларының және өңірлік қолбасшылықтар мен десантты-шабуылдаушы әскерлер қолбасшыларының кешенді комиссиясы тексеретін болады.