Талқылауға қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен тұрғындар қатысты. Онда қалалық тіл саясаты және ономастика комиссиясының төрайымы, қала әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова ауыстырылатын көшелердің жаңа атауларын ұсынды.
Қоғамдық талқылаудың мақсаты – көпшілікті тыңдау. Осы жолы қабылданған ұсыныстар бұдан әрі облыстық аномастикалық комиссия ғұзырына ұсынылады. Онда тағы сараланып барып, депутаттар қарауына жіберіледі.
«Әркім өзі тұратын көшенің қыр-сырынын, жағдайын біледі. Көрші-көлемімен ақылдасып келген орынды ұсыныстары бар. Мысалы, «Қаһармандар» атауы басқа көшеден гөрі Красный ярдағы ауған соғысына қатысқандар тұратын көшеге берілуі керек. Бірлік кентінің тұрғындары бұған дейін көп қол жинап Ботаническая деген көшелерін Бәйімбет батыр атымен атауды сұрады. «Теректі» деген қарапайым сөзден де тұрғындар ұсынысын қолдаған орынды» деп шешті депутаттар»,–дейді қалалық мәслихаттың депутаты Еркін Исімбаев.
Көкшетау қаласының өзіндегі Западная көшесінің Байдалы би, Капцевичтің- Бәйкен Әшімов, Восточнаяның Әлдебек би, Тихаяның Үмбетей жырау, Новоселовтың Бапан би, Заводскаяның Саққұлақ би, Мирзоянның Жұмағали Тілеулин аталуына үлкен-кіші дүркірете қол соғып қуаныштарын білдірсе, ол қисынсыз атаулардан құтылып, елге еңбегі сіңген, тарихта есімі қалған ардақтыларымызды мадақтау, құрметтеуге білдірілген шын ризашылық нышаны еді.
8-ші март, Красный ярдағы Мир көшелеріне бірнеше ұсыныстардың қатар түсуіне байланысты атауларын өзгертуді кейінге қалдыру ұйғарылды.
Әлі атау берілмеген «Нұрлы көштегі» көшелерге Жерұйық, Аманат, Беласар, Берен, Бәйге, Бәйтерек, Жаңа дәуір, Жосалы, Заңғар, Қазына, Мирас, Шапағат, Шертер деген атаулар ұсынылды.
«Жалпы, тарихи тұлғаларға қала орталығынан лайықты көшелер берілуі керек. Сондықтан, ұсыныстар алдын ала ономастикалық комиссияға ұсынылып, тұлға жөнінде толыққанды мәлімет-деректер жиналып, мұқият талқылануы керек. Ең бастысы,бұл жолы 28 көшені өзгертуге ұсыныс жасалған болса, алға қарай бұл жұмыс жоспарлы түрде жалғасын таппақ»,– дейді қалалық мәслихаттың депутаты