Басты бетҚоғамҒалымдар неліктен...

Ғалымдар неліктен артық салмақтан арылмауға кеңес берді?

Канададағы МакМастер университетінің ғалымдары тамақтануға қатысты кеңестерді қайта қарап шығуға шақырды. Олар 18 мемлекетте 35 және 70 жас аралығындағы 135 мың адам қатысқан зерттеу жұмысын жүргізген. Нәтижесінде көмірсулардың көп болып, майлардың азаюы жүрек-қан тамырлары ауруларына алып келетіні анықталған.

Мамандардың айтуынша, ағза дұрыс жұмыс істеуі үшін белгілі бір мөлшерде майлар қажет. Олар ағзадағы мембрана жасушалары, жүйке талшықтарының түзілуіне, бұлшық еттердің дұрыс жұмыс істеуіне атсалысады.

Десе де, ғалымдар кей май түрінің адамға зиян екенін жасырмайды. Сол себепті, жаңғақ, авокадо, зәйтүн майы, балық құрамында болатын майларды ғана тұтынған дұрыс.

Дереккөзbaq.kz