Басты бет Жаңалықтар Қазақстандық 19 жастағы спортшы гір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды

Қазақстандық 19 жастағы спортшы гір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ ауданында тұратын 19 жастағы спортшы Қобыланды Орынбасаров Корей елінің Сеул қаласында өткен гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионы атанды. Ал оның жаттықтырушысы Мұрат Серікбаев болса, ардагерлер арасындағы жарыста әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.

©aikyn.kz

Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында қараша айының 15-19 аралығында өткен жарысқа әлемнің 33 елінен 600-ге жуық спортшы қатысқан. Додада 73 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Қобыланды 32 келі гір тасын ұзын циклды көтеруді 62 рет бағындырған.

Жаттықтырушысы Мұрат Серікбаевтың айтуынша, Қобыланды алғашқыда қазақ күресімен айналысқан екен.

Қобыланды Серікбаев
©baq.kz

«Мен Қобыландыға 2014-2015 жылдары гір тасын көтерудің қыр-сырын үйреттім. Сөйтіп, ол аз уақытта үлкен нәтижелер көрсете бастады. Мәселен, осы спортпен айналысқан бір жылдың ішінде Қобыланды Орынбасаров жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионы атанып, сол жылы Латвияда өткен Европа чемпионтында күміс жүлдеге қол жеткізген. Ал осы жылы ғана ол Ақтөбе қаласында жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Биыл жастар арасына да еркін кіріп, ел біріншілігін ұтты. Өздеріңіз куә болып отырғандай, жастар арасындағы ұлттық құрамаға мүше болып, Оңтүстік Корея мемлекетінде өткен әлем чемпионатының жеңімпазы болды», — дейді жаттықтырушысы Мұрат Серікбаев.

Ал Мұрат Серікбаевтың өзі 73 келі салмақ дәрежесінде 24 келіні қоссайыс бойынша 131 рет көтеріп, күміс жүлдені жеңіп алып отыр. Дәл қазір жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанған Созақ спортының төл тумасы, Оңтүстіктен шыққан жастар арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Қобыланды Орынбасаров Алматы қаласындағы Қазақ туризим және спорт академиясының 3 курсында оқып жатыр. Қобыландының қазақ спортына қосатын үлесі әлі де болса алда дейді оның ұстаздары.

1 пікір

  1. Жарайсың Қобыланды .Тек қана алға.Алар асуың көп болсын.Созақтың атын шығара бер.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version