Басты бет Жаңалықтар Назым Қызайбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Назым Қызайбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Боксшы Назым Қызайбай (51 кг) Азия чемпионатындағы екінші кездесуін сәтті өткізді. Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясы хабарлайды.

Ширек финалда Назым 5:0 есебімен өзбекстандық Тұрсын Рахимованы жеңді. Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатындағы 4-медальға қол жеткізді.

Ол бірінші кездесуінде қытайлық Чанг Ю Яньмен шаршы алаңда жұдырық түйістіріп, жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, Вьетнамда өтіп жатқан Азия чемпионатына 22 елден 118 спортшы бақ сынап жатыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version