Қазақ қызы Париждің қақ ортасында қазақ ұлттық тағамдарын дайын­дайтын мейрамхана ашып қойды

Жалпы, Франция – ежелден мейрамхана ісімен танылған ел. Статистика бойынша онда ресми түрде тіркелген 77856 мейрамхана бар. Оның 15 мыңға жуығы бір ғана Париж қаласында орналасқан. Осыншама мейрамхананың ішінен ең таңдаулы деген мыңнан астамы ғана «Мишлен» деп аталатын париждік мейрамханалар анықтамалығына енеді. Осыдан-ақ бұл саладағы бәсекелестікті бағамдауға болады. Ал қазақтың жал-жаясы мен қуырдағы, ыстық бауырсағы арқылы танылған Chez Mademoisselle мейрамханасы – осы анықтамалыққа енген бірегей мейрамхана.

Қазақ қызы Париждің қақ ортасында қазақ ұлттық тағамдарын дайын­дайтын мейрамхана ашып қойды

Бұл анықтамалық тізімінен көріну үшін іріктеу жасырын сарапшылар арқылы жасалады. Олар кез-келген күні дәмханаға барып, ол жақтың тағамдарына ғана емес, ыдыс-аяғының қойылғанынан бастап, әжетхана тазалығына дейін баға береді. Тағамымен тіл үйіріп қана қоймай, сан түрлі талаптардан сүрінбей өткен Chez Mademoisselle мейрамханасында қазақ тағамдарымен қатар, Орталық Азия халықтарының ұлттық тағамдары дайындалады.

Ендеше, шетелде ұлтымыздың ұлттық тағамын ұлықтап, париждіктерді тамсандырып жүрген қазақ қызы Гаухар мен Лоранға біздің ағайындар да, француздар да разы деп жазды басылым.

ДереккөзАқжол

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Автокөлікке VIP-нөмірді онлайн таңдауға болады

Былтыр автокөлік иелері шамамен 6 миллиард теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Ерғали Егемберді қаржы министрлігі аппаратының басшысы болды

Ерғали Егемберді қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарына қандай көмек беріледі?

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі саяси қуғын-сүргін құрбандарына мемлекеттік қолдау көрсету шаралары туралы хабарлады.

Президент Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ басшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды.

Мүгедектігі бар адамдарға кредит беруді шектеуге жол берілмейді

Мүгедектігі бар адамдарға кредит беруді шектеуге жол берілмейді. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған.

Қазақстанда алдағы күндері 43 градусқа дейін ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанда 1-3 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.