Басты бетЖаңалықтарҚазақстандықтар еңбек...

Қазақстандықтар еңбек кітапшасын пайдаланбайтын болады

«Бірыңғай электронды еңбек биржасы базасында жұмысшы профилін жүргізу және еңбек келісімшарттарын есепке алу жүйесі құрылатын болады. Еңбек келісімшарттарын электронды форматқа көшіру қағаз еңбек кітапшасын алып тастауға мүмкіндік береді», — деді ол.

Министрдің атап өтуінше, аталған жүйе арқылы азаматтың ресми жұмысы туралы ақпарат алуға болады. Онда келісімшарт жасалған дата шығып тұрады. Айта кетерлігі, бұл жоба әзірше еліміздің бір облысында ілкі жоба ретінде ғана іске қосылмақ. Мұнан бөлек, мүгедектікті анықтау өтінімін берудің онлайн жүйесін енгізу де жоспарланған.

«Мүгедекті анықтауға арналған өтінім электронды түрде egov.kz электронды үкімет порталы арқылы түседі. Аталған жүйе өтінім берушінің келіп қатысуын көздемейді. Яғни, өтінім сарапшылар арасында бөлінеді. Ал сарапшы дәрігерлер кімнің ісін қарап жатқандықтарын да білмейтін болады», — деді Тамара Дүйсенова.

Дереккөзkazinform.kz