Басты бет Экономика Отандық арпа Ұлыбританияға экспортталды

Отандық арпа Ұлыбританияға экспортталды

Қазақстандық арпа алғаш рет Ұлыбритания мемлекетiне экспортталды. Бұл туралы Үкiмет отырысында ауыл шаруашылығы бiрiншi вице-министрi Қайрат Айтуғанов айтты.

©evdesifa.com

«2017 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен қайта өңделген өнiмдер экспорты 1,5 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылғы деңгейден 13 пайызға көп. Сондай-ақ, қайта өңделген өнiмдер деңгейi 10 пайызға артық. Агроөнеркәсiптiк кешен өнiмiнiң негiзгi түрлерi экспортының артқанын атап өткен жөн. Мәселен, мұздатылған сиыр етiнiң экспорты екi есеге көбейген. Бұл сиыр етiнiң Ресейге жеткiзу көлемiнiң 83 пайызға артуы мен еттiң Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiне алғаш рет экспортталуымен байланысты. Қой етiнiң экспорты 8 есеге өстi. Бұл биыл Иран, Бахрейн, БАӘ-де жаңа нарықтардың ашылуымен байланысты», — дедi Айтуғанов.

Вице-министрдiң айтуынша, сондай-ақ, жұмыртқа мен жүн экспорты да артқан.

«Картоп экспорты 19 есеге өстi. Ресейге қызанақ пен қияр экспорты 3,5 есеге артса, Қытай мен Ресейге жаңғақ экспорты 3 есеге көбейдi. Алғаш рет арпа Ұлыбританияға экспортталды. Моңғолия мен Иранға сұлы экспорты жаңғыртылды», — дедi Қайрат Айтуғанов.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version