Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Қытайға ірі қара экспорттайтын болады

Қазақстан Қытайға ірі қара экспорттайтын болады

Бұл туралы «Қазақстан ет одағы» бірлестігінің төрағасы Мақсұт Бақтыбаев мәлімдеді.

©24.kz

Келісімге Үкімет басшысының орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың Бейжіңге жасаған жұмыс сапарында қол жеткізілген. «Қазақстан ет одағы» бірлестігінің төрағасы Мақсұт Бақтыбаевтың айтуынша, қаржы ең алдымен елдегі мал басын көбейтуге жұмсалады. Содан кейін жоспар бойынша жыл сайын Қытайға 240 мың бас ірі қара, жылқы және уақ мал сатылады.

Сонымен бірге Қытай инвесторлары Қазақстандағы 2017-2024 жылдарға арналған ірі қара малын өсіру жобасына 600 миллион доллар инвестиция салуға ниетті.

Бұл – мемлекет тарапынан жүргізілген үлкен жұмыстың нәтижесі. Бізде заман талабына сай австралиялық немесе америкалық технологиядан кем түспейтін инфрақұрылым салынды. Ал 2010-2015 жылдардағы шетелдерден әкелінген мал тұқымы Қазақстанда өндірілетін ет сапасын жақсартты. Бұл келісімдер алдағы 5-7 жылдың ішінде еліміздегі үлкен және шағын фермерліктің дамуына үлес қосады деп ойлаймын, — деді «Қазақстан ет одағы» бірлестігінің төрағасы Мақсұт Бақтыбаев.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version