Басты бетҚоғамГарри Поттер...

Гарри Поттер ғалымдарға ми ауруын емдеуге көмектеспек

Ғалымдар компьютерлік бірегей технологияның арқасында миды сканерлеудің әдісін тапты. Аталған әдіс түрі жыл сайын өтетін жүйке дәрігерлері конференциясында таныстырылды.

Лос-Анджелестегі Оңтүстік Калифорния университетінің ғалымдары өздерін жаңа технологияның мүмкіндіктерін пайдалануға Гарри Поттер фильмі шабыттандырғанын айтады. Себебі, аталған фильмде көптеген көрініс компьютерлік графиканың көмегімен толықтырылған.

Осылайша ғалымдар мидың зақымданған бөлігін ғана емес, жүйке жүйесін толық бақылап отыра алады. Мұнымен қатар, Юта штатында орналасқан университет мамандары миды виртуалды көзілдіріктер арқылы зерттеуді ұсынып отыр.

Дереккөзbaq.kz