Басты бет Жаңалықтар Петропавлдық актер Назарбаевтың жеке суретшісі болады

Петропавлдық актер Назарбаевтың жеке суретшісі болады

Орыс драма театрының әртісі Борис Васко Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке суретшісі болады. Бірақ ол суретін тек фильм үшін салады. Петропавлдық актер Қазақстан Президентінің өмір жолын баяндайтын «Көшбасшы жолы» эпопеясының түсірілімі үшін таңдалыпты.

©baq.kz

Жақында режиссер Ақан Сатаев алдағы фильмге кастинг жариялады. Кастингке Николай Погодин атындағы орыс драма театрының актері Борис Васко да қатысады. Ол алдағы фильмнен рөл алғанына өзі таң қалды. Енді актер Иосиф Будневичтің (1927-2007) рөлін сомдайды. Будневич 1992 жылдан бастап Мемлекет басшысының жеке фотосуретшісі болған. Петропавлдық әртістің сыртқы келбеті де өзі ойнайтын персонажға ұқсас.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version