Басты бет Жаңалықтар Қос режиссер жаңа фильмнің түсіріліміне кірісті

Қос режиссер жаңа фильмнің түсіріліміне кірісті

Режиссерлар Қанағат Мұстафин және Айдын Самахан «Жаңа бақытпен» атты жаңа фильмнің түсіріліміне кірісті. Комедиялық туындыны  Kanaidar Pro-мен бірігіп, BOZOK film компаниясы таспалайды.

©Brod.kz

«Жаңа бақытпен» («С Новым счастьем!») фильмі «Қыз ұзату» дәстүрін өткізу жайында баяндайтын ток-шоу жасауды ұйғарған жас продюсерлер туралы болмақ. Шоудың кейіпкерлері — жасырын камераға түсірілген шынайы отбасылар. Отбасылар өздері байқамай, үйлерінде болып жатқан у-шудың нағыз бейнесін көрсетеді. Оқиғалардың барлығы Наурыз мерекесі қарсаңында болған.

Жобаның қоюшы-операторы — Саят Жанғазинов. Продюсерлері — Айдархан Әділбаев, Фархат Әбдірайымов пен Ескендір Нұрберген.

Айта кетейік, аталмыш комедияның түсірілімі Алматыда өтіп жатыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version