Басты бет Жаңалықтар Байқоңырдың 11 600 гектар жері Қазақстанға қайтарылды

Байқоңырдың 11 600 гектар жері Қазақстанға қайтарылды

Жуырда Челябинскіде өткен өңіраралық форумда ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізілді. Келісім нәтижесінде ғарыш айлағына жалға берілген 11 600 гектар жер Қазақстанға қайтарылды, деп xабарлайды "Хабар" арнасы.

Көрнекі сурет ©Tengrinews.kz

Байқоңыр маңындағы Төретам мен Ақай елді мекенінде 15 мыңдай тұрғын қоныстанған. Енді ауылдықтардың жеке үй салып, шаруашылықпен айналысып, кәсіп ашуларына қосымша мүмкіндік туып отыр. Жалдан шығарылған аумаққа енді инфрақұрылым жеткізу жұмыстары басталады.

«Облыс әкімдігі мұнымен шектелмей, қазіргі уақытта қосымша 3 300 гектар жер көлемін жалдан шығару бойынша координаттарын нақтылау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құжаттар дайын болғаннан кейін бұл да қол қоюға ұсынылатын болады»,- дейді ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің басқарма басшысы Бақытбек Бекпанов.

Жер телімдерінің қайтарылғанына аймақ тұрғындары қуанышты.

«Біздің Ақай ауылында 5 500-дей халық бар. Оның 2 020-сы жер кезегінде тұр. Көршілес Төретамға, қалаға шамамен 7-10 мыңдай жер телімі керек. Сол жер телімі берілгеніне қуаныштымыз»,- деді Ақай ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жақсылық Қыпшақбайұлы.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version