Басты бет Экономика Таразда жер телімін сатып алу жеңілдеді

Таразда жер телімін сатып алу жеңілдеді

Таразда жер телімдерінің сауда-саттық аукциондары жазылатын ақпараттық жүйе құрылды. Енді тұрғындар қай жердің сатылымға шыққанын үйінде отырып біле алады.

Прокурорлар болашақта бұл сайтты жетілдіруді жоспарлап отыр. Яғни zis-taraz.kz cілтемесінде тұрғын үй салуға арналған жерлерді де тіркеп қоймақ. Прокурорлар бұл бастама жер алуда бөгет болатын түрлі бюрократиялық кедергілерді жояды деп сендіреді.

Сайтты құруға екі мыңға жуық кәсіпкерге жүргізілген сауалнаманың нәтижесі түрткі болған. Яғни, қатысқан кәсіпкерлердің 40 пайызы аукционға шыққан жерлер жайында дер кезінде хабардар болмағандығын айтқан.

«Аукционға қойылған жерлердің тізімі, инфрақұрылымы қалай соның бәрі бар. Сонымен қатар өтініш берушінің де арызы қандай сатыда қаралып жатқандығын жеке сәйкестіру нөмірін енгізіп тексере алады», -дейді Тараз қаласының прокуроры Бекзат Сейілханов.

Айта кетейік, ақпараттық жүйеде әзірге тек коммерциялық мақсатқа бағытталған жер телімдері туралы ғана ақпараттар бар.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version