Шашты жылдам кептіру үшін…

  • Шашты сүртіп құрғату үшін микрофибрадан тігілген орамалды немесе шақпақ (вафельді) орамалды қолданыңыз. Мұндай материалдар ылғалды жылдам сіңіреді.
  • Дымқыл шаштарға арналған арнайы тарақтар болады. Олар шаш арасына ауа өткізуге арналған. Аталған тарақтарды қолдану шаштың кебу уақытын азайтады.
  • Заманауи шаш кептіргішті қолданыңыз. Қазір феннің де түр-түрі бар. Ескі шаш кептіргіштің орнына жаңасын алыңыз. Dyson, Braun, BaByliss маркаларының шаш кептіргіштері шашыңызды көзді ашып жұмғанша кептіріп береді.
  • Шашыңызды басыңызды төмен иіп тұрып кептіріңіз. Сонда шашыңыз жылдам кебеді. Шаш кептіргішті шаштың түбіне дейін апарған дұрыс.
  • Арнайы құралдарды қолданыңыз. Шашты жылдам кептіруге арналған бальзам, сусабын, спрейлер бар.