Модель 11 түрлі образды киіп, елімізде сәннің 100 жылда қалай өзгергенін көрсетеді. Мәселен, ХХ ғасырда қазақ қыздары ұлттық киім киген, шашын өріп, басын орамалмен жабады. 40-шы жылдары әйелдер сәнге көп көңіл бөлмеді. Киім сұр түсті болды. Кеңес Одағының әйелдері соғыстан кейінгі жылдары ашық реңті киімдерді кие бастады. 70-жылдары клеш-шалбарды кие бастады, ал он жыл өткеннен кейін «жарғанат» стиліндегі киімге әуес болды. Ал 90-жылдары қыздар мүлдем үйлеспейтін киім киген. Ал бүгінде жастар casual стилінде киінеді.

Түрлі жылдардың образдарын жас актриса және «Қазақ аруы-2014» байқауының жеңімпазы Гүлназ Жоланова көрсетіп берді. Ал дизайнер Балнұр Асанова жоба стилисі болды. Визажды Ольга Эдильгириева жасаса, Наталья Яблочникова шаштараз болды.

ДереккөзTengrinews

1 пікір

  1. Қазақ қызының емес қой енді) Бастарың қақпайды)

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!