Басты бет"ЭКСПО-2023" көрмесі...

«ЭКСПО-2023» көрмесі Аргентинада өтетін болды

Халықаралық көрмені өткізуге Польша, АҚШ және Аргентина үміткер болған еді.

Американың Миннесота қаласында өткізбек болған «Бүкіл әлем денсаулығы» туралы өтініші 25 дауыс жинады. Польшаның Лодьз қаласында өткізуді жоспарлаған «Қаланың жандануы» мен Аргентинаның цифрлы дәуірдің шығармашылық мүмкіндіктері туралы жобалары 46 дауыстан жинап тең түсті. Сол себепті екінші рет дауыс беріліп, Буэнос-Айресті 62 адам таңдады. Көрме 2023 жылы 15 қаңтар-15 сәуір аралығында өтеді.

«Біз бақыттымыз! Тек менің елім ғана емес, барлық Латын және Оңтүстік Америка бақытты! Көптеген елдердің қолдауымен «ЭКСПО-2023″ көрмесін Буэнос-Айресте өткізу мүмкіндігін алдық. Бұл мемлекеттердің креативті индустрия мен цифрлы жаңғыруына үлкен мүмкіндік болып отыр. Енді адамдар қолындағы кішкентай ғана смартфонмен өмірді қалай өзгертуге болатынын біле алады. Оған мысалы ретінде Астанада, Миланда өткен көрмелерді айта аламын. Енді Қазақстан өз тәжірибесімен бөлісіп, 2023 жылғы көрмені лайықты дәрежеде өткізуге көмектеседі деген ойдамын»,- деді Аргентинаның ақпарат министрі Эрнан Ломбарди.

Халықаралық көрме бюросында «ЭКСПО-2017» көрмесін өте жоғары дәрежеде өткені айтылды. Айта кетейік, Астанада өткен көрмені 4 миллионға жуық адам тамашалаған. Бұл жоспардағыдан екі есеге көп.